Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы теміржол көлігі саласындағы техникалық регламенттерді іске асыру үшін стандарттардың тізбесіне өзгертулер енгізді. Тізбелер тоғыз стандартпен толықтырылды.
Өзгертулер осы стандарттардың өнеркәсіп үшін айрықша маңыздылығына және теміржол машина жасау өнімдерінің сәйкестігін бағалау рәсімдерін жүргізудің өзектілігіне байланысты 30 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
Бұдан басқа, стандарттардың жаңа нұсқаларына сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеуді қамтамасыз ету мақсатында 180 күнтізбелік күннен кейін күшіне енетін стандарттар тізбесінің жаңа редакциялары бекітілді.
Стандарттар тізбелерінің жаңа редакциялары тиісті тізбелерге енгізілген стандарттарды қабылдауға, қолдануға, жаңартуға және жоюға жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша дайындалды.
«Өзгертулердің мақсаты – стандарттардың өзекті нұсқаларын қолдану жағдайларын жасау және олардың әзірленуіне және қолданысқа енгізілуіне қарай ұлттық стандарттардан мемлекетаралық стандарттарға жоспарлы түрде көшу», – деп атап өтті ЕЭК бойынша техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий.
Стандарттар тізіміне енгізілген өзгертулерді Ресей министрлігі ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарымен бірлесіп, сарапшылар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен әзірледі.
Жекелеген мемлекетаралық және ұлттық стандарттарға қатысты оларды қолдануға бейімдеу үшін өтпелі кезең белгіленді.