Жаңалықтар

28.02.2025

Комиссия декларацияға өзгерістер енгізу тәртібін оңайлату бойынша жұмыс істеуде

Тауарлар шығарылғанға дейін және шығарылғаннан кейін декларацияға өзгерістер енгізу мәселелері Еуразиялық экономикалық комиссияның бейінді Консультативтік комитеті жанындағы кедендік декларациялау жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысында қаралды.

Атап айтқанда, СЭҚ қатысушыларының декларацияға өзгерістер енгізу бастамашылығы кезінде құжаттарды қысқарту, декларацияны электрондық түзетудің басымдығын нықтау және жазбаша құжаттарды пайдалану жағдайларын нақтылау, кеден органының шешімін электрондық түрде жіберу мүмкіндігі сияқты бағыттар сөз болды.

 Тауарларға арналған декларацияға өзгерістер енгізу тәртібі Кеден одағы Комиссиясының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 шешімімен бекітілген.

Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитеттің жанынан кедендік декларациялау жөніндегі жұмыс тобын құру ЕЭК Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитетінің 54-ші отырысында мақұлданды.