Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренконың төрағалығымен өткен бейінді консультативтік комитеттің отырысында техникалық реттеуді жетілдіру, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану мәселелері қарастырылды. Еуразиялық экономикалық одақтың «Құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» техрегламентінің жобасы және Кеден одағының «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі» техрегламентіне енгізілетін өзгертулер жобасы жария талқылау үшін мақұлданды.
Консультативтік комитет мүшелері ЕЭК Алқасының отырысында қарау үшін Кеден одағының «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне, «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған табиғи жанармай газының қауіпсіздігі туралы», «Майлау материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы», «Автомобиль және авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштар мен мазутқа арналған отынға қойылатын талаптар туралы», «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» және «Қаптаманың қауіпсіздігі туралы» техрегламенттердің өзекті стандарттарының тізбелеріне енгізілетін өзгертулер жобасын жіберуді ұсынды.
Сонымен қатар ЕЭК Алқасының отырысында қарастыру үшін ұсынылған Одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін тұқымдық және отырғызатын материалдарды өндіру (дайындау), жинау, буып-түю және сұрыптау орындарына тексеру жүргізу бойынша және Бірыңғай тізбені жаңа зиянды организмдермен толықтыру кезінде фитосанитарлық тәуекелді талдау нәтижелерін ұсыну бөлігінде Минералды тыңайтқыштарды тіркеу, Еуразиялық экономикалық одақ нарығында айналысқа рұқсат етілген минералды тыңайтқыштардың бірыңғай тізілімін жасау және жүргізу тәртібі, ЕАЭО аумағында өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің бірыңғай қағидалары мен нормаларына енгізілетін өзгертулер мақұлданды.
Сонымен бірге Консультативтік комитет мүшелері Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды электрондық түрде ресімдеу және осындай құжаттардың уақытша тізілімін жасау жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қорытындыларын талқылады.