Жаңалықтар

16.12.2024

Одақ елдерінің өнеркәсібіндегі кооперация олардың технологиялық егемендікке қол жеткізуі үшін қажет

Еуразиялық экономикалық комиссияның делегациясы технологиялық даму және жеке қорғаныш құралдарын өндіру мәселелеріне арналған "Қауіпсіздік және еңбекті қорғау 2024" Мәскеу көрме-форумына қатысты.

ЕЭК өкілдері осы саладағы жетекші компаниялардың өнімдерімен танысып, іс-шараға қатысушыларды Еуразиялық экономикалық одақтың бірлескен кооперациялық өнеркәсіптік жобаларына қаржылай жәрдемдесу механизмі мен ЕАЭО-дағы кооперациялық ынтымақтастықты дамытудың басқа да құралдары туралы хабардар етті.

Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Георгий Арзуманян ЕАЭО елдерінің өнеркәсібіндегі кооперация олардың технологиялық егемендікке қол жеткізуі үшін қажет екенін атап өтті. Ол емдеу мекемелерінің техникалық жарақталуын арттыруды, қазіргі заманғы технологиялық процестер мен жабдықтарды ендіруді, жаңа дәрілерді қолдануды, диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін игеруді қоса, медицина секторының ойдағыдай дамуына ықпал етеді.

Форумда сала өкілдерімен пікірсайыс барысында ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаментінің бөлім бастығы Дмитрий Ярошенко қатысушыларды Комиссия қабылдаған "Медициналық болып табылмайтын және медициналық көмек көрсету кезінде қолданылатын медициналық бұйымдар мен бұйымдар өндіру саласындағы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кооперациялық ынтымақтастығын дамыту туралы" ұсыным жайында хабардар етті. Ұсыным кешенді медициналық жабдықтар мен бұйымдар саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі мен өндірісті дамытуға, инновациялық, бәсекелес, жоғары технологиялық өнімдер шығаруды жолға қою үшін Одақ елдерінің өндірушілері мен ғылыми-зерттеу бірлестіктерінің кооперациялық өзара іс-қимылына бағытталған.

Пікірсайысқа қатысушылар ЕЭК алаңында 2025 жылы өткізу жоспарланған бейінді сарапшылық топтар шеңберінде қаржылық жәрдемдесу механизмін қолдану мүмкіндігін, сондай-ақ өндірушілердің алдында тұрған неғұрлым өткір мәселелерді талқылауға шақырылды.