Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшесі Қасым-Жомарт Тоқаевты 70 жасқа толу мерейтойымен құттықтады.
«Сіздің дана басшылығыңыздың арқасында Қазақстан халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы қарқынды дамып келеді, іскерлік ортаға қолайлы жағдайлар жасалып, Қазақстан Республикасының әлемдік аренадағы ұстанымы нығая түсуде», – делінген құттықтау хатта.
ЕЭК Алқасының басшысы Қазақстан Республикасының Президентіне Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан жеке үлесі үшін алғысын білдірді, ол көпжақты ынтымақтастықтың тиімді құрылымы ретінде нығаюын жалғастыруда.
Михаил Мясникович Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, амандық және Қазақстан Республикасының игілігі үшін мемлекеттік және халықаралық қызметте мол табыс тіледі.