Жаңалықтар

16.04.2024

Максим Ермолович: «ЕЭК алаңында монополияға қарсы органдардың неғұрлым тығыз өзара іс-қимылы жүргізілетін тергеулердің нәтижелілігін арттыруға ықпал етеді»

Бәсекелестікке қарсы істер бойынша жүргізіліп жатқан тергеулердің тиімділігін арттыру үшін Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын жетілдіру мәселелерін 15 сәуірдегі кездесуде Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович пен Ресейдің Федералды монополияға қарсы қызметінің басшысы Максим Шаскольский талқылады.

«Ұлттық бәсекелестік ведомстволармен тығыз жұмыс жүргізілуде, егжей-тегжейлі пысықтауды қажет ететін мәселелер де бар», — деді ЕЭК министрі. Максим Ермолович ЕАЭО сараптамалық алаңдарында трансшекаралық нарықтарда тергеу жүргізу кезіндегі құзыреттілік мәселелерін неғұрлым белсенді талқылау қажеттігін атап өтті.

«ЕЭК әділ бәсекелестік қағидаттарымен ЕАЭО нарықтарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету міндеттерін шешуде маңызды рөл атқарды, Ресейдің ФМҚ өз тарапынан бірлескен жұмыстың барлық бағыттары бойынша Комиссияға көмек көрсетуге дайын», — деп атап өтті Максим Шаскольский.

Беларусь Республикасында өтетін «5+1» форматында қатысушы мемлекеттердің монополияға қарсы органдары басшыларының кездесуінің күн тәртібіндегі мәселелер қаралды. Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңесте төрағалық етуші тарап ретінде Ресей ФМҚ жүргізетін қызметтің маңыздылығы атап өтілді.

Тараптар халықаралық алаңдарда бірлескен бастамаларды өзара қолдау қажеттігіне сенім білдірді.