Жаңалықтар

28.04.2025

Максим Ермолович: "Мысырдың бәсекелестік ведомствосы сан қырлы тәжірибесі, құзыреті бар және кәсібилігі басым күшті реттеушіге айналды"

Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович 28 сәуірде Каирде (Мысыр) "Мысыр бәсекелестік ведомствосына 20 жыл: кезеңдер мен болашақ перспективалар" конференциясына қатысты.

Мысыр Премьер-министрінің қамқорлығы аясында өткен іс-шара бәсекелестік саясат саласындағы өзекті мәселелер мен сыни шақырыстарды талқылау үшін бәсекелестік ведомстволарының, халықаралық ұйымдардың көшбасшыларын, мемлекеттік қызметшілер мен сарапшыларды жинады.

Максим Ермолович Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің Мысырмен арадағы бәсекелестік саласындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, елдің осы саладағы негізгі жетістіктеріне тоқталды және Мысырдың Африка өңіріндегі бәсекелестік әріптестікті дамыту көшбасшыларының бірі ретіндегі рөлін атап көрсетті.

ЕЭК министрі Мысырмен ынтымақтастықтың заңнамалық жаңартпалармен алмасу, бәсекелестіктің бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу тәжірибесі, секторлық, сондай-ақ биржалық сауда-саттықта талдау жүргізуді қоса, тауар нарықтарын зерттеу сияқты перспективалық бағыттарына баса назар аударды.

"Біз Мысырдағы әріптестеріміздің жетістіктерін жоғары бағалаймыз және бәсекелестік саласындағы заң шығармашылығы мен құқық қолданудың бірегей тәжірибесін таратуға, ендіру мүмкіндігіне немесе ауқымдандыра түсуге мүдделіміз", – деп атап көрсетті Максим Ермолович.

Іс-шара шеңберінде соттар мен парламенттердің бәсекелестік саласындағы тиімді құқық қолдануды қамтамасыз етудегі рөлін, бәсекелестіктің экономикалық өсім мен инвестицияларға әсерін талқылауға арналған тақырыптық сессиялар өтті.