Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович 27 қыркүйекте Мәскеуде өткен «Ресей энергетикалық апталығы» VII халықаралық форумының жұмысына қатысты.
Энергия ресурстарымен сауда-саттықты кеңейту және биржаларды стандарттау қажеттілігі арқылы энергетиканы дамыту, биржалық сауда-саттықтың «алтын стандарты» Санкт-Петербург халықаралық тауар-шикізат биржасы форумының аясында ұйымдастырған іскерлік таңғы астың негізгі тақырыптарына айналды.
Максим Ермолович таяу уақытта Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында ЕАЭО шеңберінде Тауарлардың ортақ биржалық нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын бекіту күтілетінін атап өтті.
«Бағдарламалық құжаттарда біздің ортақ нарықтарымыздың баға индикаторлары механизмін дамыту көзделген. Биылғы жылы ПМЭФ-те бес елдің биржалары жасаған келісім бұл процеске қосымша серпін береді, индикаторлардың өкілдігін арттырады. Сондай-ақ, елдердегі тауарлармен биржалық сауда-саттық саласындағы заңнаманы үйлестіру қажет», - деп атап өтті ЕЭК министрі.
Осылайша, Максим Ермоловичтің айтуынша, өзара сауда-саттыққа, реттегіш және технологиялық кедергілер туғызбау үшін заңнаманың кез келген жаңалықтары немесе өзгерістерін Одақтың барлық елдерімен сараптамалық деңгейде талқылау керек.
«Біз өз жұмысымызда заңнамалық және технологиялық үйлесімділік мәселелерін міндетті түрде ескеретін боламыз. Оларды қалыптастыру кезінде артық кедергілерден аулақ болу керек», - деп атап өтті «Санкт-Петербург халықаралық тауар-шикізат биржасы» АҚ президенті Игорь Артемьев.