Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті экономика факультетінің деканы, экономика ғылымының докторы, профессор Александр Аузанмен кездесу өткізді.
Максим Ермолович әлемнің жетекші ғалымдары мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері жоғары оқу орындарының, соның ішінде ММУ-дың осы салада жүргізетін зерттеулеріне сүйене отырып, бәсекелестікті дамытуды ғылыми сүйемелдеудің маңыздылығын атап көрсетті.
Александр Аузан ЕАЭО мемлекеттері экономикасы мәдени кодтарының Одақтағы бәсекелестікті дамытуға ықпалы туралы пікірімен бөлісті. Ол жасанды интеллектің қазіргі әлемге және әлемдік экономиканың трансформациясына әсері Интернеттің ықпалынан кем болмайтынын атап өтті.
Тараптар ЕАЭО, ШЫҰ және БРИКС өзара іс-қимылының перспективаларын, сондай-ақ әлемдік экономиканың дамуын талқылады.
ММУ-дың бәсекелестік проблемаларымен айналысатын ғалымдары мен Комиссияның бейіндік блогы қызметкерлерінің тұрақты диалогын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.