Жаңалықтар

20.09.2024

Максим Ермолович: «ЕАЭО–да бәсекелестікті дамыту – ЕЭК пен бизнестің бірлескен міндеті»

Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович «Корпоративтік заңгерлер бірлестігі» коммерциялық емес серіктестігі» (КЗБ) қауымдастығының Президенті Александра Нестеренкомен жұмыс кездесуін өткізді.

Максим Ермолович Еуразиялық экономикалық одақ құқығының жоспарланып отырған өзгерістеріне, іс жүргізу әрекеттерін жүргізу кезінде мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастығымен және билік органдарымен өзара іс-қимылына, нарықтарды зерттеу жөніндегі комиссияның бастамаларына тоқтала отырып, бәсекелестік саясат саласындағы комиссия жұмысының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Бұл ретте ЕЭК Министрі ЕАЭО-да бәсекелестікті дамыту ЕЭК пен бизнестің бірлескен міндеті болып табылатынын атап өтті.

Тараптар Комиссия мен ұлттық монополияға қарсы органдар арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату проблемаларын, ЕЭК актілері мен ұлттық монополияға қарсы заңнаманы қолдану мәселелерін, бұзушылықтардың әртүрлі санаттары жөніндегі қажетті дәлелдемелердің құрамы мен түрін талқылады. Нарықтарды талдау кезінде Комиссияның қолданатын тәсілдері қарастырылды.

Кездесуге қатысушылар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Жұмыстың өзекті күн тәртібін қалыптастыру үшін Комиссия үнемі бизнес-қоғамдастықпен кездесулер өткізіп отыратындығын атап өтеміз.