Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович елдегі цифрлық құқықтың дамуы туралы Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының Өкілдер палатасындағы парламенттік тыңдауда осылай деп мәлімдеді.
Максим Ермолович 2025-Стратегиясында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде мемлекеттік сатып алуды цифрландыру, олардың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету, соның ішінде сатып алу туралы ақпаратқа, жосықсыз өнім берушілер тізіліміне және мүше мемлекеттердің сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне кедергісіз қол жеткізуді ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету; банк кепілдіктерін өзара тану, ұлттық режимдерден алып қоюды қысқарту көзделгенін еске салды.
Ұлттық режим талаптарына орай мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тануды қамтамасыз етуге негіз қалаушы рөл беріледі. Тараптардың сарапшылары тиісті Қағидалардың мәтінімен белсенді жұмыс істеу үстінде. Комиссия Кеңесіне оларды бекітуге құзырет беретін өзгерістер Одақ туралы шартқа енгізілді.
Банк кепілдіктерін өзара тану туралы шартты ратификациялау процесі аяқталып келеді.
Мемлекеттік сатып алу мақсатында тауарлардың шығарылған елін растау кезіндегі бірыңғай тәсілдеме үшін Комиссия ЕАЭО мемлекеттерімен бірлесіп осы мақсат жолында тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларын ұдайы жетілдіріп келеді. Олар бірыңғай цифрлық ресурс – Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізілімін құруға мүмкіндік берді, ол мүше мемлекеттерде өндірілетін өнім туралы мәліметтерді алуды біріздендіруге көмектесті.
Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізілімінен алынған ақпарат (үзінді) – бұл ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің әлеуетті өнім берушілерінің екіншісіндегі мемлекеттік сатып алуға кедергісіз қатысуын қамтамасыз ететін бірыңғай құжат. Қазіргі уақытта Еуразиялық тізілімде 208 өндірушінің 19 450 тауары туралы мәлімет бар.
"Мемлекеттік сатып алу саласындағы цифрлық күн тәртібін іске асыру бойынша таңдаулы перспективалар – озық ұлттық практикадан "өсіп шыққан" бастамалардан тарайды. Бізде қазірдің өзінде қолданыстағы жобалар бар, мысалы, сатып алудың жаңа әдісі – электронды дүкенді ендіру. Біз шарт жасасуды және шағымдануды ресімдеудің электрондық форматына көшуге, сатып алу рәсімдерін өткізу мерзімдерін қысқартуға ұмтылып келеміз", – деп атап өтті ЕЭК министрі.