Жаңалықтар

27.02.2025

Максим Ермолович: «Бизнеспен өзара іс-қимыл – ЕЭК жұмысының стратегиялық бағыттарының бірі»

Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович Мәскеуде Еуропалық бизнес қауымдастығының мүшелерімен жұмыс кездесуін өткізді.

"Комиссия үшін бизнеспен, соның ішінде Еуропа елдерінің бизнесімен өзара іс-қимыл жасау жұмыстың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Біздің мақсатымыз — Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтарында адал бәсекелестікті дамыту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау", — деп атап өтті Максим Ермолович.

Кездесуге қатысушылар үстем жағдайды теріс пайдалануды, бәсекелестікке қарсы келісімдерді, жосықсыз бәсекелестікті қоса, мәселелердің кең ауқымын қозғады. Одақтағы бәсекелестік қағидаларын және ЕЭК-тің осы саладағы құзыретін бұзушылық туралы өтініш беру тәртібі талқыланды. ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатыпалымның өзекті тақырыптары және Еуразиялық интеграция жағдайында оларды реттеудің ерекшеліктері қаралды.

Кездесу барысында Еуропалық бизнес қауымдастығының өкілдерінің секторлық талдаулар жүргізу бойынша ЕЭК-тің Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блогының жұмысына, атап айтқанда, фармацевтика өнеркәсібі нарығына және электрондық сауда алаңдарына (маркетплейстерге) жәрдемдесу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Іс-шараға Еуропалық бизнес қауымдастығының 50-ден астам өкілі қатысты.