Жаңалықтар

27.05.2022

ЕАЭО-ның халықаралық қызметі сыртқы сауданың өсуіне ықпал етеді

27 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық комиссия мемлекет басшыларына ЕАЭО-ның 2021 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттарын іске асыру туралы баяндаманы ұсынды.
  Құжатта атап өтілгендей, 2021 жыл Одақтың халықаралық қызметінің қазірдің өзінде бар бағыттарын оларды практикалық мазмұнмен толтыру жолымен дамыту тұрғысынан маңызды жыл болды.
«Одақтың халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығының географиясы мен сапасының қарышты кеңеюі, диалогты практикалық мазмұнмен толықтыру жалғасты. Олардың көпшілігімен диалог Комиссияның барлық блогының қатысуымен жүйелі, жоспарлы негізде құрылды. Мұндай ынтымақтастық Комиссияға экономиканың түрлі саласындағы реттеушінің озат тәжірибесін тура түпкі дереккөзден алуға, сондай-ақ Одақтың мүдделерін халықаралық аренада ілгерілетуге мүмкіндік береді», — делінген баяндамада.
Комиссияның ШЫҰ-мен өзара іс-қимылын рәсімилеу, сондай-ақ АСЕАН-мен ынтымақтастықтың үдемелі дамуы, шын мәнінде, ЕАЭО-ШЫҰ-АСЕАН жаңа интеграциялық контурын ресімдеуге қарай шығуға мүмкіндік берді. ЕАЭО-ның ТМД-мен өзара іс-қимыл трегі жаңа мазмұнға ие болды — Комиссияның Одақ құқығы мен ТМД нормативтік базасын ұштастыру жөнінде тәсілдемелер тұжырымдау, соның ішінде ЕАЭО және ТМД шеңберінде әзірленетін нормативтік құқықтық актілер жобалары арасындағы қайшылықтарды жою бөлігіндегі жұмысы бірінші орынға шықты.

2021 жылы ЕАЭО-ның үшінші елдермен сыртқы саудасының көлемі 35,1% артты және 844,2 млрд АҚШ долл.жетті, соның ішінде экспорт — 44,1% артып, 525,7 млрд АҚШ долл. дейін, импорт — 22,6% артып, 318,5 млрд АҚШ долл. дейін жетті.

Одақтың жаңа әріптестігінің саны артты. 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша үшінші елдердің үкіметтерімен, министрліктерімен және ведомстволарымен ынтымақтастық немесе түсіністік туралы 26 меморандум, өңірлік интеграциялық және мемлекетаралық бірлестіктермен 12 меморандум, халықаралық ұйымдармен 44 меморандум жасасылды. ЕАЭО және оған мүше мемлекеттер үшінші елдермен алты сауда келісіміне қол қойды.
ЕАЭО қарым-қатынасын рәсімилеген үшінші елдер мен
өңірлік бірлестіктердің ЖІӨ-і 40,4 трлн АҚШ долл. құрайды (әлемдік ЖІӨ-нің
31,6%-ы). Бұл елдердің халқы 3,9 млрд адам (әлем халқының 51%-ы).