Жаңалықтар

15 тамыздың 2025 Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындылары Бүгін ЕАЭО елдерінің Үкімет басшылары Еуразиялық экономикалық интеграцияның бірқатар маңызды мәселелерін қарады. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев баспасөз қызметкерлері алдына шығып, отырыс қорытындыларын хабарлады. ЕАЭО ішінде және үшінші елдермен теміржол жүк тасымалы саласындағы цифрландыру процестерін жеделдету жайы баяндалды Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы цифрлық көлік құжаттарына қазірдің өзінде көшті. Осы саладағы Қытаймен ынтымақтастықтың ілгерінді беталысы атап өтілді – электрондық қолтаңбаны қолдануды қамтамасыз ету үшін Ресей мен Қытайдың теміржол тасымалдаушыларының өзара іс-қимылы туралы келісімге қол қойылды. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында ЕАЭО-да әкелінетін тауарлардың кедендік құнын бақылауды күшейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелері туралы Комиссияның баяндамасы ұсынылды. Кедендік құны белгіленген тәуекел индикаторларынан төмен салық сыйымды тауарларды кедендік бақылаумен қамту бөлігіндегі оң серпін атап өтілді. Үкіметаралық кеңес мүшелеріне "бестік" мемлекеттерінің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу және бөлу туралы жыл сайынғы есеп ұсынылды. 2024 жылы Одақ елдерінің бюджеттеріне 15,2 млрд. АҚШ долл. түсті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3% дерлік көп. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш екенін атап өткен жөн. Үкімет басшылары Тауарлардың ортақ биржалық нарығында сауда-саттықты дамыту бағдарламасын бекітті, оны 2029 жылы толық іске қосу жоспарланған.  Комиссияның 2024 жылғы трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы жылдық есебі мақұлданды. ЕҮАК мүшелері Дәрілер мен медициналық бұйымдардың ортақ нарықтарын одан әрі дамыту тұжырымдамаларын келісті. Құжаттар жұмыстың екі маңызды бағытын айқындайды. Біріншісі – шығарылатын өнімнің сапасын қамтамасыз ету, екіншісі – тиісті цифрлық платформаларда ведомстволардың өзара іс-қимылын кеңейту.  Ортақ еңбек нарығындағы біліктілік талаптарын жоғары сұранысқа ие мамандықтарға жақындату бойынша жұмыс жүргізілуде. ЕЭК тұрақты негізде олардың тізбесін қалыптастырады, бұл азаматтардың жұмысқа орналасуын едәуір жеңілдетеді.  Бұдан басқа, көлік саласында кадрлық әлеуетті дамытуға көп көңіл бөлінеді. Бұл бағыт енді 2024-2026 жылдарға арналған бейінді жол картасына кірістірілді. Құжатты іске асыру бірыңғай көлік кеңістігін және көрсетілетін көлік қызметтерінің ортақ нарығын қалыптастыруға себепкер болады. Үкімет басшыларына ЕАЭО шеңберінде климаттық күн тәртібінің мәселелерін реттеу жөніндегі тәсілдемелерді іске асырудың бес жылдық жоспары ұсынылды. ЕҮАК-тің келесі отырысы 29-30 қыркүйекте Минскіде өтеді.
Тағы да көрсету