Жаңалықтар

11.01.2023 (Обновлено: 16.01.2023 10:08)

Михаил Мясникович Иманғали Тасмағамбетовты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы болып тағайындалуымен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Иманғали Тасмағамбетовты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы қызметіне тағайындалуымен құттықтады.

"Сіздің мемлекеттік қызметтегі бай басқарушылық тәжірибеңіз, тұлғалық биік қасиеттеріңіз бен халықаралық беделіңіз ҰҚШҰ-ны дамытуға және оның бүкіл Еуразиялық кеңістіктегі ықпалын нығайтуға айтарлықтай үлес қосатынына сенімдімін",- делінген құттықтау хатта. 

Михаил Мясникович Иманғали Тасмағамбетовке мықты денсаулық, сау-саламаттық және жауапты халықаралық қызметіне табыс тіледі.