Жаңалықтар

30 майдың 2025 Максим Ермолович: "Бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдардың кездесулері әлемде неғұрлым тиімді бәсекелестік саясатты тұжырымдауға көмектеседі" Еуразиялық экономикалық комиссия Мысырдың бәсекелестік ведомствосының қолдауымен Каирде бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдар өкілдерінің жұмыс кездесуін өткізді. Оған ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович қатысты. ЕЭК бейіндік блогының бастамасы бойынша дәстүрге айналған мұндай іс-шаралар халықаралық өңірлік ұйымдарға өзекті мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастық жасауға, жұмыс тәжірибесімен алмасуға көмектеседі. Бәсекелестікті тиімді реттеу практикасы осы бесінші кездесуге қатысушылардың басты назарында болды. "Біз өңірлік ынтымақтастықтың артықшылықтарын ілгерілетеміз, өңіраралық диалогты нығайтамыз және кеңейтеміз, озық бәсекелестік практиканы әр өңірдің қажеттіліктеріне бейімдейміз, жаңа идеялар қалыптастырамыз, бұл сайып келгенде әлемде неғұрлым тиімді бәсекелестік саясатқа алып келеді", – деп санайды Максим Ермолович.    ЕЭК бәсекелестік жөніндегі өңірлік ұйымдардың кездесулерін өткізуді жалғастыратын болады. Бесінші кездесуге Мысыр бәсекелестік ведомствосының төрағасы, ЮНКТАД, Шығыс және Оңтүстік Африканың Ортақ нарығы, Шығыс Африка қоғамдастығы, Батыс Африка экономикалық және валюта одағы, Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қоғамдастығы, Араб бәсекелестік желісі, Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы, БРИКС және Кариб қоғамдастығы өкілдері қатысты.
Бақыт Сұлтанов: «Көші-қон ағындарын бақылау мен ЕАЭО-дағы еңбек мигранттарының құқықтарын қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажет» 23 майдың 2025 Бақыт Сұлтанов: «Көші-қон ағындарын бақылау мен ЕАЭО-дағы еңбек мигранттарының құқықтарын қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажет» 22 мамырда Бакуде Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Көші-қон органдары басшылары кеңесінің отырысы аясында Комиссияның көші-қон саласындағы жұмысы туралы айтып, Еуразиялық экономикалық одақтағы еңбек мигранттарының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету үшін күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығын атап өтті. Отырысқа қатысушылар ТМД мемлекеттеріндегі қалыптасқан көші-қон жағдайын, сондай-ақ Достастық елдерінің көші-қон саясатының негізгі бағыттарын іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіруді талқылады. ЕЭК Министрі ЕАЭО ішіндегі еңбек көші-қонының айтарлықтай өскенін атап өтті: «Одақ туралы шарт күшіне енген сәттен бастап еңбек көші-қонының жыл сайынғы ағындары үш есе артып, өткен жылы 1 млн адамнан асты». Бақыт Сұлтанов ЕАЭО елдерінің еңбек көші-қоны саласындағы заңнамасының Одақ құқығына сәйкестігі тұрғысынан жақында аяқталған мониторинг нәтижелерін ұсынды. Мониторинг көрсеткендей, мемлекеттер жоғары білікті мамандардың ағынын ынталандыру бойынша ұқсас шаралар қабылдауда, сондай-ақ еңбек көші-қоны саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды арттырып жатыр. ЕЭК министрі көші-қон ағындарын бақылау мен еңбек мигранттарының құқықтарын қамтамасыз ету арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажеттігіне назар аударып, көші-қон саласын реттеуге бағытталған кез келген заңнамалық бастамалардың ЕАЭО туралы шарттың нормаларына қайшы келмеуге тиіс екенін атап өтті. Қорытындылай келе, Бақыт Сұлтанов Комиссияның Одақ мемлекеттерінің тілдеріне аударылған және ЕЭК сайтында жарияланған «Еңбек қызметі және Ресей Федерациясындағы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарын әлеуметтік қамтамасыз ету» кітапшасын дайындағаны туралы хабарлады. ЕАЭО-ның басқа елдерінің заңнамасы бойынша осындай кітапшалар жасау жоспарлануда. Іс-шара аясында Бақыт Сұлтанов ТМД елдерінің көші-қон ведомстволарының басшыларымен іскерлік кездесулер өткізді, онда ағымдағы көші-қон ахуалы, тәжірибе және ақпарат алмасу бойынша ынтымақтастық, сондай-ақ бейіндік іс-шараларды бірлесіп дайындау және ұйымдастыру талқыланды.
22 майдың 2025 Андрей Слепнев Самад Хассанзадемен ЕАЭО елдері мен Иран кәсіпкерлерінің өзара іс қимылын талқылады ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде Иранның сауда, өнеркәсіп, шахталар және ауыл шаруашылығы палатасының президенті Самад Хассанзадемен кездесті. Тараптар 2025 жылғы 15 мамырда күшіне енген еркін сауда туралы толық форматты келісімді енгізу бойынша ЕАЭО мен Иранның іскер топтарының өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады. Андрей Слепнев ирандық әріптестеріне ЕАЭО мен Иран бизнесі арасындағы тікелей ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шараларды және тараптардың саудасын реттеу ерекшеліктерін түсіндіру үшін тақырыптық семинарларды қамтитын келісімді іске асыру жөніндегі жол картасын дайындау туралы хабарлады. «Жаңа келісім ЕАЭО мен Иранның іскер топтары үшін бір-бірінің нарықтарына қол жеткізудің бірегей талаптарын бекітеді, өзара іс-қимылды ретке келтіру, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті міндеттерін шешу және елдерімізде заңнаманың ерекшеліктері мен оны қолдану практикасын түсінуді жақындастыру бойынша ыңғайлы тетіктер мен алаңдар жасайды», — деді Андрей Слепнев. ЕЭК министрі Иранның бизнес өкілдерін 26-27 маусымда Минскіде өтетін Еуразиялық экономикалық форумға қатысуға шақырды. «Біз Иранмен ынтымақтастықтың жаңа кезеңін серіктестік ретінде қарастырудамыз. Біздің кәсіпкерлер өздерінің әлеуеті мен технологияларын арттыру және 250 миллион адамнан тұратын бірлескен нарықта бірлесіп жұмыс істеу үшін бір-бірін бәсекелес ретінде емес, серіктес ретінде қабылдауы маңызды», — деп атап өтті Андрей Слепнев.
21 майдың 2025 ЕАЭО елдері өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы интеграция деңгейін арттырады Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары Ани Обосян Дүниежүзілік метрология күніне арналған "Шекарасыз метрология" халықаралық метрологиялық форумы мен көрмесіне қатысты. Форумдағы сөз сөйлеуі барысында Ани Обосян қатысушыларды Дүниежүзілік метрология күнімен және 1875 жылғы Метрикалық конвенцияға қол қойылғанына және халықаралық өлшемдер мен таразылар бюросының құрылғанына 150 жыл толуымен құттықтады. Ол өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы Комиссия қызметінің қазіргі кезеңін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі интеграция деңгейін арттырудың жаңа сатысы деп атауға болатынын атап өтті. "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясына енгізілген қызмет нәтижелері өлшемдердің дәлдігі мен дұрыстығына байланысты интеграциялық бағыттарды қолдаудың қажетті деңгейін өлшемдерді метрологиялық қамтамасыз етудің бірыңғай қағидаттарын енгізу жолымен қамтамасыз ету көзделген", — деп атап көрсетті Ани Обосян.
21 майдың 2025 Комиссия ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарымен және бизнесімен бірге Сербиямен сауданы жандандыруды талқылады 21 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияда ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одақ елдері мемлекеттік билік органдарының және бизнесінің қатысуымен салалық ынтымақтастықты дамытуға, Сербиямен өзара саудадағы тосқауылдарды анықтап, жоюға арналған семинар болып өтті. Іс-шара Бір жағынан ЕАЭО мен оған мүше мемлекеттер және екінші жағынан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім шеңберінде өзара іс-қимылды жандандыруға бағытталған. Семинардың міндеті — Сербия Республикасының нарығына тауарларды жеткізу кезінде экономиканың әртүрлі саласының экспорттаушылары тап болатын сауда тосқауылдарын, сондай-ақ ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін және саудадағы шектеулерді жою жолдарын анықтау болды. "Бүгінгі іс-шарада айтылған ұсыныстар Сербия Республикасымен Келісімді іске асыру жөніндегі бірлескен комитеттің жоспарланып отырған отырысы шеңберінде ықтимал талқылау үшін мүше мемлекеттермен бірлесіп ізеуіртті пысықталатын болады", — деп атап өтті Андрей Слепнев.    Осыған байланысты ЕЭК министрі таяудағы серб тарапымен ойдағыдай өткен консультацияларды еске салды, бұлардың нәтижесінде ЕАЭО-дан өсімдік майлары мен маргарин импортына қатысты екі жыл бойы қолданыста болған сандық шектеулер 2025 жылғы 3 наурыздан бастап алып тасталды. Бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші жағынан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге 2019 жылғы 25 қазанда қол қойылды және ол 2021 жылғы 10 шілдеде күшіне енді. Келісімде тауар номенклатурасының 93%-ы бойынша кедендік әкелу баждарының өзара күшін жою көзделген.
20 майдың 2025 ЕАЭО елдері уәкілетті органдарының және электрондық автопаспорттарды ресімдейтін көлік құралдарын дайындаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімінен шығарып тастау негіздері толықтырылды Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және көлік құралдарын (көлік құралдарының шассиін), өздігінен жүретін машиналарды және электрондық автопаспорттарды ресімдеуді жүзеге асыратын техниканың басқа да түрлерін дайындаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін бекіту туралы 2015 жылғы 1 қыркүйектегі шешімге өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, ұлттық органның уәкілетті органның, дайындаушы ұйымның бірыңғай тізілімінен оның өтініші негізінде, сондай-ақ Электрондық автопаспорттар жүйелерінің және (немесе) тиісті ЕАЭО мемлекетінің заңнамасының жұмыс істеу тәртібін бұзушылықтар анықталған жағдайда шығарып тастау мүмкіндігі белгіленген. Бұдан басқа, уәкілетті органды немесе дайындаушы ұйымды бірыңғай тізілімге қайта қосу мүмкіндігінің мерзімі ерте дегенде сол шығарып тастау туралы шешім қабылданған күннен бастап алты ай болып айқындалды. "Ұлттық органның уәкілетті органның, дайындаушы ұйымның бірыңғай тізілімінен оның өтініші негізінде шығарып тастау мүмкіндігін белгілеу қажеттігі белгіленген тәртіпті қолдану тәжірибесінен туындады. Бұл ретте сол шығарып тастау туралы шешім қабылданған күннен бастап ерте дегенде жарты жылдан соң бірыңғай тізілімге қайта енгізу мүмкіндігінің мерзімін қосымша белгілеу уәкілетті органдардың немесе дайындаушы ұйымдардың мәліметтерді қасақана бұрмалау фактілерін болдырмауға бағытталған", — деп атап көрсетті ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий. Уәкілетті органды немесе дайындаушы ұйымды бірыңғай тізілімнен шығарып тастау (шығарып тастаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау мерзімін ұлттық орган 30 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдайды.
Тағы да көрсету