Жаңалықтар

16.09.2022 (Обновлено: 26.09.2022 09:28)

Михаил Мясникович Самарқандта ШЫҰ саммитіне қатысты

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович 15-16 қыркүйекте Самарқандта (Өзбекстан Республикасы) болып өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне қатысты.
ЕЭК Алқасының Төрағасы саммит аясында бірқатар: Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Макеймен, Беларусь Республикасының бірінші вице-премьері Николай Снопковпен, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен, Түркіменстанның вице-премьері, СІМ басшысы Рашид Мередовпен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетінің Төрағасы – Атқарушы хатшысы Сергей Лебедевпен, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбаймен, Азия мен Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) Атқарушы хатшысы Армида Салсиа Алисджабанамен, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Владимиром Норовпен, ЕЭК Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринмен кездесу өткізді.

ШЫҰ саммиті үш жыл ішінде бірінші рет көзбе-көз форматта болып өтті, оған 15 елдің лидерлері келді. Тұрақты мүшелерден (Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Пәкстан және Өзбекстан) басқа, сондай-ақ байқаушы мәртебесі бар мемлекеттердің (Иран, Беларусь және Моңғолия) басшылары және әріптес елдер (Түркияның, Әзербайжанның және Түркіменстанның лидерлері) қатысты. Саммитке сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы, ШЫҰ ӨТҚҚ Атқарушы комитетінің директоры және халықаралық ұйымдар: ЕЭК, ЭСКАТО, ТМД, ҰҚШҰ, БҰҰ, АӨСШК, АСЕАН, ЭЫҰ басшылары қатысты.

Саммит қорытындысы бойынша ШЫҰ-ға кіретін мемлекеттердің лидерлері Самарқанд декларациясын бекітті. Сондай-ақ әртүрлі саладағы өзара іс-қимыл туралы құжаттар пакеті бекітілді.

Декларация өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз етуге, орнықты экономикалық дамуға, көлік-коммуникациялық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ мәдени диалогты тереңдетуге орайлас бірлескен тәсілдемелерді айқындайды.

Беларусь Республикасының ШЫҰ-ға кіруі рәсімін бастау туралы шешім қабылданды.

ШЫҰ мен ЕАЭО - өңірде үстем георафиялық жағдайға ие болып отырған Еуразияның ең ірі бірлестіктері. Әлемдік ЖІӨ-нің 30%-ы, әлемдік сауданың 16%-дан астамы, әлем халқының 41%-дан астамы ШЫҰ-ның үлесіне тиеді. ЕАЭО - сыйымдылығы 184 млн адамнан асатын бірыңғай қағидалар бойынша өмір сүретін нарық. Іс жүзінде ЕАЭО мен ШЫҰ елдері Еуразия континентінің өзегін құрайды.

ЕАЭО мен ШЫҰ өзара іс-қимылды дәйекті тереңдетуде. Өткен жылы ЕЭК пен ШЫҰ Хатшылығы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Осы жылы ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Минмен екі мәрте - мамырда Мәскеуде және саммит қарсаңында Самарқандта кездесті. Таяудағы уақытта тараптар ЕЭК пен ШЫҰ Хатшылығы арасындағы меморандумды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қоюға тиіс. Құжат келісудің ақтық сатысында тұр және екі бірлестік әлеуетінің бұдан арғы синергиясы үшін негіз болады.