Жаңалықтар

01.12.2022

Михаил Мясникович Стивен Сигалмен кездесті

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович белгілі киноактёр, кинопродюсер, Ресей СІМ арнаулы өкілі Стивен Сигалмен кездесті.

Әңгімелесу барысында Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық комиссия қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып, Еуразияшылдықтың тек экономиканы ғана емес, сонымен бірге, Еуразиялық кеңістіктегі халықтар арасындағы гуманитарлық және әлеуметтік-мәдени қатынастарды да нығайтудағы маңызды рөлін, Стивен Сигалдың бай өмірлік, кәсіби тәжірибесі мен әлемдік танымалдығын ескере келгенде, бүгінгі таңда бұл кеңістікте ол аса маңызды орын алатынын атап көрсетті.

 ЕЭК Алқасының басшысы үстіміздегі жылы өткен Бішкектегі Еуразиялық экономикалық форумда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшыларына Еуразиялық кино академиясын және кино сыйлықты құру идеясы ұсынылғанын хабарлады.

Стивен Сигал өз кезегінде Михаил Мясниковичке жылы қабылдауы үшін алғысын білдірді. Ол Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елі өзіне таныс екенін, кейбіреуімен оны отбасылық тарих байланыстыратынын айтып өтті және тұрақты, соның ішінде Комиссияның өзара мүдделілік білдірілетін бастамаларын пысықтауға жәрдемдесу мүмкіндігі үшін кездесулер өткізуге дайын екенін хабарлады.

Анықтама

Стивен Фредерик Сигал 49 фильмнің продюсері, 14 фильмнің сценарисі болды.  Кинорежиссёр, музыкант және айкидо шебері болып табылады.

2016 жылы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің жеке өзі Стивен Сигалға Ресей Федерациясы азаматының паспортын тапсырды.  2019 жылы Стивен Сигал «Орыс география қоғамы" Бүкілресейлік қоғамдық ұйымына қабылданды.  Ол 2018 жылдан бастап РФ пен АҚШ гуманитарлық байланыстары бойынша Ресей СІМ арнаулы өкілі.

 2016 жылы Беларусь Республикасында сапармен болып, Президент Александр Лукашенкомен кездесті.