Жаңалықтар

19.07.2024

ЕЭК сайтында «бір терезе» механизмін одан әрі дамыту үшін басым құралдарды анықтау бойынша сауалнама жүргізілді

Еуразиялық экономикалық комиссияның бейіндік тобының отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік органдары мен бизнес-құрылымдары өкілдерінің сауалнамасының нәтижелері қаралды, нәтиже бойынша сыртқы экономикалық қызметті реттеудегі «бір терезе» механизмін іске асыру құралдары бағаланды.

«Бір терезе» механизмі деп әкімшілік рәсімдерді едәуір жеңілдетуге, уақытты қысқартуға және кәсіпкерлердің қаржылық шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін мемлекеттік органдар мен СЭҚ қатысушылары арасындағы өзара іс-қимыл түсініледі. «Бір терезенің» негізгі қағидасы – құжаттарды бір рет ұсыну және оларды кейіннен бірнеше рет пайдалану.

«Бір терезенің» ұлттық механизмдерін одан әрі дамыту және олардың өзара іс-қимылын тиімді қамтамасыз ету үшін белгілі бір құралдарды әзірлеу қажет болды. Оларды бейінді жұмыс тобы айқындады және өткен жылдың 27 желтоқсанында ЕЭК Алқасы Одақ елдеріне осы құралдардың қажеттілігін анықтау үшін мемлекеттік органдар мен бизнес өкіолері арасында сауалнама жүргізуді ұсынды.

Осы жылдың мамыр-маусым айларында ЕЭК сайтында жүргізілген сауалнамаға Одақтың барлық елдерінен 700-ден аса респондент қатысты, олардың ішінде 300-ден астамы мемлекеттік органдар мен 400-ге жуығы бизнес-құрылымдар болды. Мемлекеттік органдардың ішінде, атап айтқанда, ұлттық кеден, көлік қызметтерінің, СЭҚ-қа байланысты рұқсат құжаттарын беруді жүзеге асыратын органдардың және басқа да қызметтердің өкілдері бар.

Жұмыс тобының мүшелері атап өткендей, сауалнама респонденттердің өз елдерінде «бір терезе» механизмін одан әрі дамыту үшін басым құралдарды әзірлеудің маңыздылығын және олардың басқару, құқықтық, технологиялық және техникалық салаларға қатысты екенін түсінетіндігін көрсетті.

Мысалы, басқару құралдарының бірі – «Мүше мемлекеттегі «бір терезенің» ұлттық механизмінің операторын анықтау», құқықтық құрал – «СЭҚ саласындағы заңды маңызы бар электрондық деректермен алмасуды қамтамасыз ету үшін Одақ органдарының актілерін қабылдау», технологиялық құрал – «Өзгерістерді басқару механизмін құру», техникалық құралдар – «Цифрлық қызметтер мен сервистер көрмесін жасау» және «СЭҚ саласындағы «бір терезе» ұлттық порталының болуы».

Жұмыс тобы сауалнама қорытындысы бойынша респонденттердің жауаптарын талдай отырып, егжей-тегжейлі есеп дайындау туралы шешім қабылдады.