2023 жылдың I тоқсанында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда Арменияда, Қазақстанда және Қырғызстанда салық кірістері тиісінше 15,5%, 23,5% және 20% — ға өсті. Бұл ретте Қазақстанда салықтық емес кірістер (-39,2%), ал Ресейде бюджеттің жиынтық кірістері (-10,5%) төмендеді.
Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері бюджеттерінің салық кірістерінің негізгі үлесін: Арменияда табыс салығы мен ҚҚС, Қазақстан мен Ресейде табыс салығы мен ҚҚС, Қырғызстанда ҚҚС құрады.
Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «Қаржылық статистика» бөлімінде берілген.