Баратын елдің қағидаты бойынша жанама салық алудың механизмі:
- интернет-алаңдарды салық есебіне және ҚҚС төлеуге қашықтықтан және оңайлатылған түрде қоюды,
-маркетплейстерге жеке сатушылар үшін ҚҚС төлеу бойынша салық агентінің функцияларын жүктеуді,
-салықтарды есептеудің, ұстап қалудың және аударудың дұрыстығын бақылау үшін салық органдарына мәліметтер беруді көздейді.
ЕАЭО елдері үкіметтерінің басшылары бұл тәсілдемелердің маңыздылығы атап көрсетті және Қаржы министрліктеріне, салық қызметтеріне және Одақтың уәкілетті органдарына 10 күндік мерзімде ЕАЭО туралы шартқа және оған 18-қосымшаға тиісті өзгерістер енгізу жобасын пысықтауды тапсырды.
«Электрондық коммерция нарығы белсенді өсуде және біздің ортақ міндетіміз - Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің мемлекеттік бюджеттеріне нұқсан келтірмей, оның дамуы үшін оңтайлы әрі қолайлы жағдайлар жасау»,- деген сенімде Руслан Бекетаев.