Жаңалықтар

14.09.2023

5 қазанда Санкт-Петербургте ЕАЭО-дағы контрафактілік өнім айналымына қарсы күрес бойынша құқық қолдану практикасының жаңа трендтері талқыланады

"Антиконтрафакт-2023" XI халықаралық форумының іскерлік бағдарламасы аясында 5 қазанда Санкт-Петербургте Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті ұйымдастыратын "ЕАЭО-дағы контрафактілік өнім айналымына қарсы күрес жөніндегі құқық қолдану практикасының жаңа трендтері" атты пікірсайыс сессиясы өтеді.

Іс-шара барысында:

-2022 жылғы ЕАЭО мемлекеттеріндегі зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы құқық қолдану практикасы мониторингінің нәтижелерін;

-зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдалануға қарсы күрес жөніндегі ЕАЭО елдері заңнамасындағы өзгерістер әрі әкімшілік және құқық қорғау органдары практикасындағы өзекті трендтерді;

-бизнесті жүргізудің жаңа жағдайларында контрафактінің таралуын болдырмау үшін мемлекеттік органдар мен құқық иеленушілердің өзара іс-қимылын;

-тауар таңбаларының иелері тарапынан құқықты теріс пайдалану және "қатарлас" импорт мәселелері бойынша әкімшілік және сот практикасын өзгертуді талқылау жоспарлануда.

Сессияның спикерлері Еуразиялық экономикалық комиссияның және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері, құқық қорғау және кеден органдарының қызметкерлері, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында практикамен айналысатын Одақ мемлекеттерінің заң компанияларының мамандары болады.

Форумға және пікірсайыс сессиясына қатысу — тегін. Қатысушыларды тіркеу іс-шара сайтында жүзеге асырылады.

Анықтама

«Антиконтрафакт» форумы – Еуразиялық экономикалық одақтың ЕАЭО органдарында төрағалық ететін мемлекетте кезекпен өткізілетін жыл сайынғы іскерлік іс-шарасы. 2023 жылы Ресей Еуразиялық экономикалық одақта төрағалық етуші ел болып табылады.

Бірінші халықаралық «Антиконтрафакт» форумы 2012 жылы Мәскеуде болып өтті. Келесі жылдары форум Қазақстан, Беларусь, Армения Республикаларында, Қырғыз Республикасында өтті. Биыл саны жағынан он бірінші форум Санкт-Петербургте өтеді.

«Антиконтрафакт-2023» халықаралық форумының ұйымдастырушысы – Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігі. Еуразиялық экономикалық комиссия форумның қоса ұйымдастырушысы.