Жаңалықтар

10.10.2024

Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы техникалық регламентке орайлас стандарттар тізбесі жаңартылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Кеден одағының "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне орайлас стандарттар тізбесіне көрсетілген техникалық регламенттің өзгерістерін іске асыруды қамтамасыз ететін түзетулерді бекітті.

Бұл арада сөз өздігінен жүретін машиналардың қозғалтқыштарын қуаттандыру үшін газ-мотор отынын пайдалану мүмкіндігін белгілейтін өзгерістер туралы болып отыр.

Стандарттар тізбесіне мотор отыны ретінде газды пайдаланатын машиналар мен жабдықтарға қойылатын талаптарды белгілейтін төрт мемлекетаралық стандарт пен БҰҰ қағидалары енгізілген.

Стандарттар тізбесіне түзетулер осы жылғы 23 қарашада техникалық регламентке енгізілген өзгерістермен бір мезгілде күшіне енеді және отын ретінде газды пайдаланатын өздігінен жүретін машиналарды өндіруге және шығаруға мүмкіндік береді.

"Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентке өзгерістер ЕЭК Кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 137 шешімімен енгізілді.