Жаңалықтар

09.03.2023 (Обновлено: 14.03.2023 17:03)

«Жасыл Еуразия» халықаралық климаттық байқауына өтінімдер қабылдау жарияланды

Еуразиялық экономикалық комиссия және «Жаңа жобаларды ілгерілету жөніндегі стратегиялық бастамалар агенттігі» АКЕҰ (СБА) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағындағы климат саласындағы жылдың басты оқиғасы болатын «Жасыл Еуразия» бірінші халықаралық климаттық байқауын өткізу туралы хабарлайды.

«Байқау елдеріміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жасыл күн тәртібіндегі технологиялық көшбасшыларды анықтау үшін өткізіледі. Үміткерлерді іріктеу 9-31 наурыз аралығында жалғасады», — деді ЕЭК Сауда саясаты департаментінің директоры Владимир Серпиков.

Байқауға қатысу тегін, әр ұйым әртүрлі номинациялар бойынша үш жобадан аспайтын өтінім бере алады, олардың ішінде:

· таза энергия және энерготиімділік,

· таза өнеркәсіп,

· ауыл шаруашылығы,

· төмен көміртекті көлік,

· жасыл құрылыс,

· жасыл қаржыландыру,

· қалдықтарды тиімді қолдану,

·экологиялық мәдениет және халықты климаттық күн тәртібіне тарту,

· экологиялық және климаттық мониторинг,

· төмен көміртекті дамыту саласындағы мемлекеттік саясат.

Коммерциялық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер, билік органдары, коммерциялық емес ұйымдар мен бірлестіктер және жеке тұлғалар қатыса алады, олар келесі сайтта өтінімді толтыруы тиіс: https://greeneurasia.asi.ru/?utm_source=eaeunion&utm_medium=banner&utm_campaign=start.

Сараптамалық топ пен конкурс төралқасы жұмысының қорытындысы бойынша әр номинацияда жеңімпаз (1-орын) және финалистер (2 және 3-орын) айқындалады, олар осы жылдың 24-25 мамырында өтетін Еуразиялық экономикалық форум алаңдарында марапаттау рәсіміне шақырылады.

Анықтама

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде 2021 жылы климаттық күн тәртібі аясында ЕАЭО мемлекеттерінің ұстанымдарын жақындастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу жөнінде жоғары деңгейдегі жұмыс тобы (ЖДЖТ) құрылды. ЖДЖТ алаңында 2021-2022 жылдары Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында 2022 жылғы 21 қазанда қабылданған климаттық күн тәртібі шеңберінде Одақ елдерінің ынтымақтастығы жөніндегі іс-шаралардың бірінші топтамасын (жол картасын) келісу бойынша белсенді жұмыс жүргізілді. Жол картасының тармақтарының бірі Климаттық технологиялар мен цифрлық бастамалар банкін қалыптастыруды көздейді. Мүше мемлекеттердің озық технологияларын одан әрі ілгерілету мақсатында СБА интеграциялық бірлестік ішінде де, одан тыс ЕЭК-пен бірлесіп «Жасыл Еуразия» конкурсын өткізеді.