Жаңалықтар

13.12.2022

Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімге қатысты техникалық регламентке өзгерістерді күшіне енгізу тәртібі айқындалды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2023 жылғы 26 наурызда күшіне енетін «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке өзгерістерді күшіне енгізу тәртібін белгіледі. 

Шешім өзгерістер күшіне енгізілгенге дейін ресімделген өнімге арналған декларациялар мен сертификаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күшінде болатындығын көздейді. Өзгерістер күшіне енгізілгенге дейін берілген мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бес жыл бойы қолданыста болады.

Көрсетілген құжаттардың қолданылуы кезеңінде балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімді өндіруге және айналысқа шығаруға болады. Мұндай өнімнің айналысына оның жарамдылық мерзімі (қызмет мерзімі) ішінде жол беріледі.