Жаңалықтар

02.08.2022

10 жыл ішіндегі ЕАЭО статистикасы жарияланды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаменті Еуразиялық экономикалық комиссияның он жылдығына арналған «Еуразиялық интеграцияға 10 жыл» жинағын жариялады, оған Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша ақпарат кірген.

ЕАЭО-ның жан басына шаққандағы ЖІӨ валюталардың сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі негізінде шамамен 34% өсті, бұл осы кезеңдегі орташа әлемдік мәннен біршама жоғары (32%): 2012 жылғы 22,8 мың АҚШ долларынан бастап 2021 жылғы 30,5 мың АҚШ долларына дейін.
Одақта өнеркәсіп өндірісі 20% ұлғайды. Салыстыру үшін — өнеркәсіптік өндіріс 2012-2021 жылдар кезеңінде Еуропалық одақта — 10%, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымында (ЭЫДҰ) — 8,5% ұлғайды. 10 жыл ішінде ЕАЭО елдеріндегі тұрақты халық саны, соның ішінде жұмыс күшінің саны, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, көліктің барлық түрі бойынша жүк айналымы, тауарлармен өзара сауда ұлғайды. 2021 жылы ЕАЭО-да жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады, бұл Еуропалық ұқсас көрсеткіштен (7%) айтарлықтай төмен және жұмыссыздықтың орташа әлемдік деңгейінен (6,2%) төмен.

Сондай-ақ 5 жыл ішіндегі түйінді статистиканы қамтитын қалта жинақ жарияланды. Онда ЕАЭО аумағының ауданы, халық саны, жалақы, ЕАЭО ЖІӨ, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі туралы ақпарат, сондай-ақ мүше мемлекеттердің соңғы бесжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштері бар бейіні ұсынылған.
Толығырақ ақпарат Статистика департаменті бетінің «Статистикалық жарияланымдар» бөлімінде берілген.