Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 27 қаңтарда экспресс-жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясына оны қолдану мүмкіндіктерін кеңейтетін өзгертулер енгізді.
«Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақ құқығында мұндай ұғымның болмауына байланысты бөлінбейтін тауарларға қатысты декларацияны қолдануда бұрын болған шектеу алынып тасталды», - деп атап өтті ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов.
Бекітілген өзгертулер декларациядағы мәліметтерді мәлімдеу тәртібін одан әрі біріздендіруге бағытталған. Атап айтқанда, тауарларды уақытша сақтауға орналастыру туралы мәліметтерді ЕАЭО-ның барлық мемлекеттерінде көрсету қажет болады, ол қазір Одақтың үш елінде ғана болған еді.