Невский халықаралық экологиялық конгресінің «Органикалық өндіріс: мүмкіндіктер, перспективалар және халықаралық ынтымақтастық» арнайы сессиясының аясында Еуразиялық экономикалық одақта қалыптастырылатын органикалық өнімнің айналымын реттеуге және оны өндіруге қойылатын бірыңғай талаптарға, ЕАЭО-ның жалпы нарығында осындай тауарлардың еркін айналымы үшін қажетті сертификаттау мен таңбалауға арналған тәсілдер туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Армен Арутюнян айтты.
ЕЭК өкілі Одақ аясында Өнімді органикалық деп тану туралы келісім жобасын мемлекетішілік келісуден өткізудің ерекше маңыздылығын атап өтті. Құжатқа қол қою осындай өнімдердің ортақ нарығының тиімді жұмыс істеуі үшін негіз болады және олардың бүкіл ЕАЭО аумағында еркін айналымын қамтамасыз етеді.
«ЕАЭО-да өндірілген органикалық өнімді өткізудің негізгі бағыты еуропа елдері болып табылады, ал Қытай мен Таяу Шығыс елдері перспективалы нарықтар болып табылады. Біз негізінен органикалық бидай, рапс, күнбағыс, соя, бұршақ, жүгеріні жеткіземіз», — деді Армен Арутюнян.
Комиссия өкілі сондай-ақ ЕЭК мүше мемлекеттердің бейінді министрліктерімен бірлесіп дайындаған «ЕАЭО Органикалық атласы» анықтамалығы туралы айтып берді. Жинақта Одақ елдерінің сертификатталған органикалық өнімдерін өндірушілер мен олар шығаратын өнімдер, сондай-ақ органикалық сектордың дамуы туралы ақпарат қамтылған.
Анықтама
Х Невский халықаралық экологиялық конгресінің жұмысына Федерация Кеңесі Төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкин, Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Максим Увайдов, Ресей сапа жүйесінің басшысы Максим Протасов, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының, ресей өңірлері мен бизнесінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар іс-шара аясында Ресей Ауыл шаруашылығы министрлігі «Россельхозбанк» АҚ-пен бірлесіп ұйымдастырған Бірінші Бүкілресейлік органикалық өнімдер жәрмеңкесі ашылды, оған Ресейдің 31 аймағынан 60 өндіруші қатысты.