2024 жылдың 1 тоқсанында заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Арменияда 5%-ға, Беларусьте 30%- ға, Қазақстанда 29%-ға, Қырғызстанда 25%-ға және Ресейде 22%-ға ұлғайды.
Шетел валютасында берілген кредит көлемінің Қырғызстанда 2,3 есеге айтарлықтай өскені, ал Арменияда 12%-ға төмендегені байқалды.
2024 жылдың маусым айының басында кредиттеу құнының төмендеуі Арменияда 8,25% (-0,25 п.п.), Қазақстанда 14,50% (-0,25 п.п.) және Қырғызстанда 9,00% (-4,00 п.п.) тіркелді. Беларусь пен Ресейдің ұлттық (орталық) банктері мөлшерлемелерді сәйкесінше 9,50% және 16,00% деңгейінде сақтап қалды.
Толығырақ статистикалық ақпарат Статистика департаменті бетіндегі «Қаржылық статистика» бөлімінде берілген.