Еуразиялық экономикалық комиссияға Федералдық сот приставтары қызметінен (ФСПҚ) Ресейдің Челябі облысы бойынша ФСПҚ Бас басқармасының Магнитогорск қаласының Орджоникидзе аудандық сот приставтары бөлімінде "Магнитогорск химиялық реагенттер зауыты" (МХРЗ) ЖШҚ қатысты № 315086/24/74059-ИП атқарушылық іс қозғалғаны және оның бас директорына № 315088/24/74059-ИП (Комиссия салған айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында) атқарушылық іс жүргізу қозғалғаны туралы ақпарат келіп түсті.
Еске сала өтсек, ЕЭК Алқасы 2024 жылғы 19 наурызда "Мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбағаны үшін айыппұл салу туралы" № 24 шешім қабылдаған еді. (МХРЗ) ЖШҚ мен оның бас директорының Комиссияның сұрауы бойынша мәліметтерді ұсынбау әрекеті Еуразиялық экономикалық одақ заңнамасының тиісті Хаттамасының 13-тармағының ережелерін бұзу деп танылды, бұл үшін жауапкершілік осы құжаттың 16-тармағының 5-тармақшасында көзделген.
Бұдан басқа, Комиссия Федералдық сот приставтары қызметінен Ресейдің Свердлов облысы бойынша ФСПҚ бас басқармасының Турин аудандық сот приставтары бөлімінде "Турин целлюлоза-қағаз зауыты" АҚ мен "ТУРА "Басқарушы компаниясы" ЖШҚ басшысына қатысты № 166403/24/66057-ИП атқарушылық іс жүргізу қозғалғаны туралы ақпарат алды. Осыған ұқсас хабарлама Ресейдің Пермь өлкесі бойынша ФСПҚ бас басқармасының Пермьнің Дзержин ауданы бойынша сот приставтары бөлімінен келді, онда "ТУРА" БК" ЖШҚ қатысты № 270391/24/59050 – ИП атқарушылық іс қозғалғаны (екі жағдайда да - Комиссия салған айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында).
Осыған байланысты, Комиссия Алқасының 2023 жылғы 19 қыркүйекте "Мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбағаны үшін айыппұл санкцияларын салу туралы" № 142 шешімімен "Турин ЦҚЗ" ЖШҚ, "ТУРА" БК" ЖШҚ және оның басшысының әрекеттерін Одақ заңнамасының сол нормаларын бұзу деп танығанын еске салған жөн.