Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі әріптестерін Дүниежүзілік сапа күнімен құттықтады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер үшін қазіргі заманғы кезеңде сапа мен бәсекеге қабілеттіліктің айрықша маңызы бар. Сапалы әрі тұтынушылардың сұранысына ие болып отырған өнімдерді шығару – кез-келген ұйымның және экономиканың тұтастай салаларының ішкі де, сыртқы да нарықтарға өнім жеткізу кезіндегі табысына апаратын жолдағы басымдықты міндет.
Одақтағы стандарттау жөніндегі қызметке тартылған әріптестерін құттықтай отырып, Виктор Назаренко былайша атап көрсетті: "Техникалық реттеу және стандарттау механизмдері Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нарығының талаптарына және біздің мемлекеттеріміз тұтынушыларының үмітіне сәйкес келетін қауіпсіз және сапалы өнім шығару үшін жағдайлар жасауға бағытталған".
Оның сөзінше, өнім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу кәсіпорындардың жоғары ғылыми-техникалық әлеуетін және персоналдың құзыреттілігін қолдауды, өндіріс пен бақылаудың қазіргі заманғы технологияларын, жүйелік менеджменттің тиімді нысандары мен әдістерін қолдануды қоса, , бірін-бірі толықтыратын шаралар кешенін бағамдайды.
"Техникалық реттеудің барлық бағытын жүйелі дамыту ұйымдардың біздің елдер экономикасының инновациялық дамуына, азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға және әлемдік аренада Еуразиялық экономикалық одақтың имиджін көтеруге ықпал ететін өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тиімді тәсілдерін қолдануы үшін негіз жасайтынына сенімдімін", — деп атап көрсетті Виктор Назаренко өз құттықтауында.