Жаңалықтар

18.04.2023

Ереванда ЕЭК-тің табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы үйлестіру жөніндегі ұсыныстары талқыланды

Еуразиялық экономикалық комиссия Ереванда табиғи монополиялар саласындағы Армения Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар топтамасын таныстырды. Ұсыныстар табиғи монополиялар саласындағы «жол картасында» көзделген Одақ елдерінің заңнамаларын үйлестіру жөніндегі іс-шаралар аясында әзірленді.

«Ұлттық заңнамаларды жақындастыру жөніндегі жалпы міндетті шешу табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін тұтынушыларға қай елде тұратындығына қарамастан Одақтағы реттеу жөніндегі жалпы тәсілдерді түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл «бизнес-климатты» жақсартуға ықпал етеді», — деп атап өтті ЕЭК Көлік және инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары Айк Тутунджян. 

Комиссия өкілдерінің, оның ішінде Қоғамдық қызметтерді реттеу жөніндегі комиссияның, Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігінің, Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комиссияның өкілдерімен және басшылығымен бірнеше жұмыс кездесулері өтті. Кездесулер барысында тізбенің тиісті жобасын дайындаудың мазмұны мен мерзімдері талқыланды, Армения Республикасының мемлекеттік органдарының қызмет көрсету нарығына талдау жүргізу жөніндегі құзыреттерін табиғи монополиялар саласына жатқызу немесе шығару тұрғысынан айқындау қажеттілігі атап өтілді. Сонымен қатар Одақ жұмысының орыс тілінде болмауына байланысты Армения Республикасының нормативтік құқықтық актілері бойынша анықтау жәәне талдамалық жұмыстар жүргізу күрделілігі мәселесі қозғалды.

Анықтама

Комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 37 өкімімен бекітілген Одаққа мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын үйлестіру жөніндегі тиісті шараларды жүзеге асыру реттілігін айқындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының (жол картасының) 10-тармағында Одаққа мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар саласындағы жақындастыруға жататын нормативтік құқықтық актілер тізбесінің жобасын дайындау көзделген. Құжат 2023 жылдың соңында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске ұсынылатын болады.

Армения Республикасының ұлттық заңнамасының ерекшелігі – «табиғи монополиялар» ұғымының болмауы. Оның орнына «қоғамдық қызметтер» деген ұғым қолданылады. «Армения Республикасының ЕАЭО туралы шартқа қосылуы туралы шартқа» сәйкес Армениядағы табиғи монополиялар қызметтеріне «Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың» (ЕАЭО туралы шарттың № 20 қосымшасы) № 1 және 2 қосымшаларына енгізілген қоғамдық қызметтер ғана теңестіріледі.