18 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев энергетика саласындағы уәкілетті органдар басшылары кеңесінің мүшелерімен және ЕАЭО елдерінің уәкілетті өкілдерімен бірге "СЖӘ" АҚ штаб-пәтерінде болды. Бұл компания тәулік алғы орталықтандырылған сауда операторы және Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығында тіркеуші функцияларын жүзеге асыратын болады. ЕЭК Кеңесі бұрын осындай шешім қабылдады.
СЖӘ өкілдері кездесуге қатысушыларды Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының жұмыс істеу қағидаларында көзделген тәулік алғы орталықтандырылған сауда операторы мен тіркеушінің функцияларын жүзеге асыру тәртібімен таныстырды.
Сапар барысында Ресейдің электр энергиясы мен қуат көтерме сауда нарығының сенімді де ашық жұмысын қамтамасыз ететін кәсіпорынның қазіргі бар ресурстары, сондай-ақ "СЖӘ" АҚ-ның Одақтың жалпы нарығында өз функцияларын орындауға дайындығының барысы және электр энергиясы саудасының технологиялық алаңын жаңғырту зерделенді.
Арзыбек Кожошев "СЖӘ" АҚ басшылығына кездесуді ұйымдастырғаны және электр энергетикалық нарықтың сауда жүйесінің, оның бизнес-процестері мен бағдарламалық-аппараттық кешенінің жұмысын көрсеткені үшін алғысын білдіріп, болашақ тәулік алғы нарықтың технологиялық негізінің жұмыс істеуін түсіну тараптар арасындағы келіспеушіліктерді тез арада реттеуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Анықтама
Ресейлік "Электр энергиясының көтерме сауда нарығының сауда жүйесінің әкімшісі" (СЖӘ) акционерлік қоғамы 2007 жылғы 13 желтоқсанда тіркелген. Қазіргі уақытта "СЖӘ" АҚ – " Нарық кеңесі" КӘ қауымдастығының 100% еншілес компаниясы.
"СЖӘ" АҚ көтерме сауда нарығында айналысқа жол берілетін электр энергиясының, қуаттың және өзге де сауда объектілерінің айналысы бойынша мәмілелерді жасасуға және олардың орындалуын ұйымдастыруға байланысты электр энергиясы мен қуаттың көтерме сауда нарығында сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылды.
Компания күрделілігі жоғары ақпараттық жүйелерді жобалау, әзірлеу, тестілеу және олардың жұмысқа қабілеттілігін үздіксіз қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың толық кешенін жүзеге асырады.