Жаңалықтар

24.02.2022 (Обновлено: 21.03.2022 11:10)

ЕАЭО елдерінің Премьер-министрлері «Еуразиялық агроэкспресс» бірлескен жобасын іске асыруды мақұлдады

Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің тездетілген теміржол және мультимодальды тасымалдарды жүзеге асыру жөніндегі «Еуразиялық агроэкспресс» бірлескен жобасын іске асыруды қолдау туралы өкім қабылдады. Жоба өзара жеткізілімдердің және ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлік экспортының көлемін арттыруды, сондай-ақ оны әртараптандыруды мақсат тұтады.

«Бірінші кезеңде ЕАЭО-дан тыс тұрақты жөнелтілімдер екі бағыт - Қытай мен Өзбекстан бойынша, сондай-ақ керісінше ұйымдастырылатын болады. Бұдан әрі өткізу маршруттары Азия және Еуропа өңірлеріндегі басқа елдерге кеңейтілуі мүмкін.Тасымалдардың тұрақтылығы теңіз фрахтына қатысты бәсекеге қабілетті тарифтерді қалыптастыруға, сондай-ақ тауарларды жеткізу мерзімдерін (Қытайға 10-14 күнге дейін және Өзбекстанға 4-7 күнге дейін) қысқартуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жеткізілімдердің ретке келтірілген логистикалық тізбегін - барлық қажетті инфрақұрылымды құру жасау бағамдалады»,- деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
Министр сөз май-тоңмай, сүт, ет, жеміс-көкөніс және дайын тамақ өнімдерін, сондай-ақ маржиналдық тауарларға баса назар аудара отырып, басқа да тамақ өнімдерін жеткізу туралы болып отыр деп түсіндірді.

Бірлескен жобаны іске асыру кезінде мұздатылған өнімге арналған рефрижераторлық контейнерлері бар поездарды қоса, Беларусь Республикасы – Ресей Федерациясы – Қырғыз Республикасы – Қазақстан Республикасы – Қытай Халық Республикасы маршруты бойынша аптасына екі толық құрамды контейнерлік поезды іске қосу мүмкіндігі көзделеді. Сөйтіп, Қытай бағытына ай сайынғы тасымал көлемі 10 мың тоннаға жуық құрауы мүмкін.

Бірлескен жобаға қатысуды «Бремино групп» ЖШҚ (Беларусь Республикасы), «KTZ Express» АҚ (Қазақстан Республикасы), «КТЖ» ҰК» ММ (Қырғыз Республикасы), «РЖД Логистика» АҚ (Ресей Федерациясы), «Славтранс-Сервис» АҚ (Ресей Федерациясы) растады. Үйлестіруші функциясын орындау үшін «Еуразиялық Агрологистика» АКҰ құрылды.

Анықтама

Қытайға теміржол маршруты бойынша ауыл шаруашылығы өнімін тұрақты контейнерлік тасымалдауды бағамдайтын «Агроэкспресс» жобасын Ресей Федерациясы 2019 жылы іске қосты. 2021 жылдан бастап жоба Ресей-Өзбекстан бағытында да іске асырылуда.