ЕАЭО-да мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың маңызды тренді инвестициялық дамуды ынталандыру болып табылады. Қазір ЕАЭО негізгі капиталына инвестициялар орташа әлемдік мәнінен айтарлықтай төмен және 2021 жылдың қорытындысы бойынша 212,5 млрд АҚШ долл. құрады.
ЕЭК инвестициялар көлемін айтарлықтай арттыру, бірлескен кәсіпорындар үшін қаржы ресурстарына қол жеткізуді арттыру және кооперацияны дамытудың уәждемелі механизмдерін жасау қажет деп санайды. Комиссияда инвестициялық жобаларды қолдау механизмдерін тұжырымдау жөнінде бірқатар іс-шаралар өткізілді.
ЕАЭО мемлекеттері президенттерінің тапсырмаларын іске асыру шеңберінде өңірлік интеграциялық бірлестіктердегі мемлекеттік қолдау ұсынудың әлемдік үрдістері зерделенді, ЕАЭО елдеріндегі мемлекеттік қолдаудың негізгі құралдары талданды, осы саладағы негізгі трендтер анықталды.
Мемлекеттік қолдау шараларын жақындастырудың ықтимал бағыттарын пысықтау қорытындылары бойынша мемлекеттік қолдау ұсынудың жалпы бағыттарын мемлекеттік қолдаудың қазірдің өзінде қолданылатын ұқсас бағыттарын кірістіретін Еуразиялық өнеркәсіптік мүдделер және жаңа әлемдік трендтерге сәйкес келетін мүдделер ретінде ұсыну мүмкін болатыны анықталды. Мәселен, оларға: сыртқы нарықтарға тауарларды ілгерілетуге жәрдемдесу, жекеше бизнестің инновациялық қызметін ынталандыру, инвестициялық тартымдылықты арттыру, шағын және орта бизнесті дамыту, жасыл экономика, цифрлық трансформациялау жатқызылуы мүмкін.
Өнеркәсіпті мемлекеттік қолдаудың құралдары мен жағдайларын жақындастырудың өзектілігін назарға ала отырып, ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян өнеркәсіпті қолдау үшін ортақ Еуразиялық мүдделерді пысықтау мәселесіне бастамашылық жасауды ұсынды. Оларды тану Еуразиялық өңірдің әлемдік аренада оң жайғасуына және ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға ықпал еткен болар еді.