Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке енгізілген өзгертулерді бекітті. Комиссия енгізілетін өзгертулерді Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерімен бірлесіп дайындады.
Құжат техникалық регламентте Комиссия Кеңесінің № 44 шешімімен бекітілген үлгілік схемалар негізінде ойыншықтарды сертификаттау схемалары мен рәсімдерін белгілеуді көздейді.
Көрсетілген техрегламентті қолдану практикасы ескерілді, техрегламент нормалары Одақ туралы шартқа сәйкес келтірілді. Сертификаттаудың егжей-тегжейлі баяндалған рәсімдерінен басқа, енгізілген өзгертулер ойыншықтарды сәйкестендіру әдістерін және оны жүргізу тәсілдерін, ойыншықтардың құрылымына немесе оларды өндіру технологиясына өзгерістер енгізу кезінде өтінім беруші мен сертификаттау жөніндегі органның іс-қимыл тәртібін белгілейді. Сонымен қатар сертификаттау жөніндегі құжаттар жиынтығын электрондық түрде сақтау және шетелдік құжаттарды міндетті түрде аудару, сондай-ақ бір жыл ішінде осындай өнімнің кейінгі партиялары үшін сынақ нәтижелерін пайдалану көзделген, бұл ЕАЭО-да кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын жақсарта түспек.
Өзгертулерді іске асыру үлгілік схемалар негізінде белгіленген сәйкестікті бағалаудың бірыңғай рәсімдерін қолдануға және ЕАЭО-ның әрбір елінде жүргізілетін бағалау нәтижелерінің салыстырмалылығына кепілдік береді.