Жаңалықтар

15.06.2022 (Обновлено: 28.06.2022 13:16)

«Евразия Global» форумының қатысушылары ЕАЭО-да жастар ынтымақтастығын дамытуға арналған жобаларды әзірледі

Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері — Комиссияның Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері Илья Кузьмичев пен Эльнура Абдурашитова Орынборда «Евразия Global» халықаралық жастар форумының іс-шараларына қатысты. Форумның іскерлік бағдарламасының әріптестері арасында Комиссия үшінші рет көрсетіліп отыр. 

«Біздің ортақ ісіміз: жариялы дипломатия және әділетті бейбітшілік мүддесіндегі халықаралық шолулар» «жаһандық әңгімесі» шеңберінде Еуразиялық кеңістікте жастар мен билік органдарының, бизнестің және қоғамдық ұйымдардың тиімді ынтымақтастығы үшін не істеу қажеттігі сөз болды. Пікірсайысқа Одақ мемлекеттері мен үшінші елдерден 300-ден астам адам қатысты.

Сессия спикерлері арасында: Орынбор облысының вице-губернаторы Игнат Петухов, Федералдық жастар ісі жөніндегі агенттіктің Жастар жобалары мен бағдарламалары басқармасының халықаралық қызмет бөлімінің бастығы Валерия Черногородова, «Росатомның корпоративтік академиясы» АКҰ жобасының жетекшісі Ирина Саркисьян, С.А. Есенин атындағы Рязан мемлекеттік университеті ректорының міндетін атқарушы Олег Сулица, RT Spanish телеарнасының жүргізушісі әрі тілшісі Мария Исабель Севальос болды. «Жаһандық әңгіме» барысында халықаралық жастар ынтымақтастығының перспективалары мен Одақтағы жастар күн тәртібін дамыту туралы, сондай-ақ ЕАЭО-ның жас адамға беретін мүмкіндіктері туралы И. Кузьмичев айтып берді.

Комиссия өкілдері сондай-ақ А.М. Горчаков атындағы жариялы дипломатияны қолдау қоры ұйымдастырған Жастардың халықаралық медиамектебі шеңберінде брифинг өткізді. Мүше мемлекеттердің жас журналистері Еуразиялық экономикалық интеграцияның өзекті мәселелері бойынша әлеуметтік медиаға баспасөз релиздері мен хабарлар дайындау дағдысына жаттықты. Іс-шараға Одақ мемлекеттеріне шамамен 50 жас журналист қатысты.

Бұдан басқа, Комиссия өкілдері Одақтың жастар күн тәртібін қалыптастыру перспективаларына арналған ақылмандар ой-талқысын өткізді. Ақылмандар ой-талқысының сарапшылары РФ Президенті жанындағы РХШжМҚА өкілдері: Құқық және ұлттық қауіпсіздік институты директорының орынбасары Валерий Смирнов және Еуразиялық экономикалық интеграция базалық кафедрасының доценті Сергей Рекеда болды. Ақылмандар ой-талқысы жұмысына Одақ мемлекеттері мен үшінші елдер атынан 50-ден астам жас сарапшы мен студент қатысты.

Ақылмандар ой-талқысы барысында интеграция процесіне жастардың негізгі топтарының қатысуын айқындайтын негізгі трендтер – студенттер мен жас ғалымдар; жас кәсіпкерлер; жасампазшыл жастар; жас IТ-мамандар; жас дипломаттар мен жастар ұйымдарының көшбасшылары бөлініп көрсетілді. Жұмыстың қорытындысы бес жастар жобасын әзірлеу болды.

Жұмыстың қорытындысы бойынша жас сарапшылар Еуразиялық экономикалық интеграция процестерін және Одақ қызметін білетіндіктерін көрсетті. Олар сондай-ақ Комиссиямен өзара іс-қимылды кеңейтуді жақтап сөйледі. Атап айтқанда, ЕЭК алаңының қатысушылары Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың ЕАЭО Жастар форумын құру және жыл сайын өткізу туралы бүгінгі таңда Комиссия пысықтап жатқан бастамасын қолдады.