Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович 5 наурызда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық форумның (ЕЭФ) Бағдарламалық комитетінің бірінші отырысын өткізді.
Ол форумды өткізудің негізгі ұйымдастырушылық жәйттері, қабылдаушы тараптың инфрақұрылымдық мүмкіндіктері туралы айтып берді. Еске сала өтсек, ЕЭФ осы жылғы мамыр айында Минскіде өтеді.
Бағдарламалық комитеттің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің уәкілетті органдары өкілдерінің форум архитектурасының тұжырымдамасы мен құрылымы, ЕЭФ архитектурасының негізгі жеті блогының тақырыбы және панельдік сессиялармен, дөңгелек үстелдермен толтырылуы бойынша ұсыныстары талқыланды. Бұл оны дайындау кезеңіндегі негізгі мәселелердің бірі. Архитектура негізінде кейінірек іскерлік бағдарлама қалыптастырылатын болады.
Одақ елдерінің және Комиссияның өкілдері — Комитет мүшелері кезекті отырыста келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, форумның архитектурасын бекітуге уағдаласты.