Жаңалықтар

19.01.2022 (Обновлено: 02.02.2022 10:06)

ЕАЭО-дағы өнеркәсіп өнімінің өндірісі 2021 жылдың 11 айы ішінде 1,2 трлн долларға жетті

2021 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп өнімінің өндірісі 1,2 трлн АҚШ долларын құрады және 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5%-дан астам өсті. Мейлінше көп өсімді Беларусь (6,7%) пен Ресей (5,2%) көрсетті.

11 айдың қорытындысы бойынша оң серпін тұрғын үйді пайдалануға беру (өсім 22,5%) және бөлшек сауда айналымы (өсім 7,2%) жөнінде де байқалып отыр.

Неғұрлым толық статистикалық ақпарат Статистика департаменті бетінде «Әлеуметтік-экономикалық статистика» бөліміндегі жедеғабыл-шолуда берілген.