Жаңалықтар

09.04.2024

2024 жылдың екі айы ішінде ЕАЭО-да өнеркәсіп өндірісі 6,6% өсті

2024 жылғы қаңтар-ақпан айларында Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2023 жылғы қаңтар-ақпан айларының деңгейіне қарағанда 106,6% құрады.

Өнеркәсіп өндірісінің барлық мүше мемлекетте: Арменияда 28,9%, Қырғызстанда 7,8%, Беларусьта 7,1%, Ресейде 6,6% және Қазақстанда 4,6% өсуі байқалды.

Өндіріс көлемі ЕАЭО-дағы кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді дайындауда 1,5%, өңдеуші өнеркәсіпте 10,4%, электрмен жабдықтауда, газ, бу беру және ауа баптауда 5,7%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесінде, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылауда 4,6% артты.

Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «Өнеркәсіп өндірісі» бөлімінде берілген.