Комиссияның Кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры Данияр Иманалиев басқарған Еуразиялық экономикалық комиссияның сарапшылары мен ЕАЭО мемлекеттерінің уәкілетті өкілдері Қырғыз Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі және «Кыргыз Темир Жолу» Ұлттық компаниясы» өкілдерінің қатысуымен 14-18 қарашада Одақтың кедендік шекарасындағы Қырғыз Республикасы өткізу пункттерінің кедендік инфрақұрылымы элементтерінің жайластырылуы мен материалдық-техникалық жарақтануына мониторинг жүргізді.
Мониторинг қатысушылары «Иркештам», «Достук», «Кызыл-Кия» автомобиль өткізу пунктерінің және «Кара-Суу», «Джалал-Абад», «Шамалды-Сай», «Кызыл-Кия» теміржол өткізу пунктерінің жаңғыртылуымен, оларды қажетті жабдықтармен, техникалық құралдармен және кедендік бақылау жүйелерімен қосымша жарақтауымен танысты.
Мониторинг нәтижелері бойынша Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға қосылуы шеңберінде көзделген іс-шаралар аталған өткізу пункттеріндегі кедендік инфрақұрылым элементтерінің жайластырылуы мен материалдық-техникалық жарақтануы бөлігінде толық көлемінде орындалды деп тұжырым жасалды. Өткізу пункттерін жарақтаудың жоғары деңгейі және Қырғызстанның кеден қызметі лауазымды адамдарының кедендік бақылаудың техникалық құралдарын пайдалану мен қолдануға дайындығы атап өтілді.
«Біз болған жаңғыртылған өткізу пункттері Одақтың кедендік талаптарына толық сәйкес келеді. Комиссия мүше мемлекеттердің Үкіметтерін мониторинг нәтижелері туралы хабардар етеді. 2023 жылы біздің елдеріміздің уәкілетті өкілдерімен бірлесіп, кедендік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі жоспарланған барлық іс-шараның аяқталғанына көз жеткізу үшін Қырғыз Республикасының қалған өткізу пункттеріне мониториг жұргізуді жоспарлап отырмыз»,- деп атап көрсетті Данияр Иманалиев.