Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаев Мәскеудегі II Еуразиялық экономикалық форумның іскерлік бағдарламасы аясында өткен «Ееңбек нарығы туралы еуразиялық диалог. Адами капитал. Денсаулық сақтау» атты тақырыптық сессияның жұмысына қатысты.
«Қазіргі экономикадағы адами капиталдың рөлі мен құндылығы даусыз. Біздің экономикамыздың өсу көрсеткіштері кәсіптік білім беру жүйесі арқылы адами капиталды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, әлеуметтік жағдайлармен қамтамасыз етуге және жұмыскерлердің денсаулығын қорғауға инвестицияларға байланысты», — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
Сессия жұмысына Беларусь Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Ирина Костевич, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев, Қырғыз Республикасының Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрі Құдайберген Базарбаев, Ресей Федерациясының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Антон Котяков, Халықаралық көші-қон ұйымының Бас Директоры Антонио Виторино, Мәскеудегі Халықаралық көші-қон ұйымы бюросының директоры Марина Шрамм, Ресей Федерациясындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Мелита Вуйнович және Дағдылар мен кәсіптерді дамыту агенттігінің бас директоры Роберт Уразовқатысты. Сессияның модераторы Еңбек және жұмыспен қамту жөніндегі федералды қызмет басшысы Михаил Иванков болды.
Пікірталасқа қатысушылар еңбек көші-қоны процестерінің Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін талқылады, еңбек нарығының қызметкерлерге деген қажеттілігін болжау қажеттігін атап өтті, ЕАЭО-дағы жұмыскерлердің кәсіби біліктілігінің тең деңгейіне қол жеткізу жөнінде ұсыныстар айтты, сондай-ақ жұмыскерлердің денсаулығына құйылатын қаржының экономикалық пайдасын қарастырды.
Талқылауды ескере отырып, қазіргі жағдайда Одақтың еңбек ресурстарының бірыңғай нарығын одан әрі дамыту бойынша ұсынымдар әзірленді.