Жаңалықтар

21.06.2022 (Обновлено: 04.07.2022 17:20)

Қырғыз Республикасының басшылығы бірінші Еуразиялық экономикалық форумды ұйымдастырушыларға алғыс жариялады

Минскіде 21 маусымда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Акылбек Жапаров Бішкекте 2022 жылғы 26 мамырда өткен бірінші Еуразиялық экономикалық форумды өткізу деңгейін жоғары бағалады.
«Форумды дайындауға және өткізуге қатысқандардың барлығына алғысымды білдіремін және іс-шара экономикалық интеграцияны дамытудың өте маңызды бағыттарын талқылауға, тәжірибемен бөлісуге, жұмысымызды талдауға және өзара іс-қимылымызды нығайтуға мүмкіндік бергенін атап өткім келеді. Еуразиялық интеграцияның негізгі проблемалары бойынша өткізілген пікірсайыс барысында Комиссияның назары мен қарауына лайық негізделген ұсыныстар айтылды»,- деп атап көрсетті ол.


Сондай-ақ Акылбек Жапаров Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Нургожоевич Жапаровтың өкімімен бірінші Еуразиялық экономикалық форумды ұйымдастыруға және ойдағыдай өткізуге жәрдемдескені үшін Форумды ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары, ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичке, ЕЭК-тің форумды дайындау жөніндегі бағдарламалық комитетінің басшысы, ЕЭК Алқасының мүшесі Сергей Глазьевке, ЕЭК-тің форумды дайындау жөніндегі бағдарламалық комитеті басшысының орынбасары Артак Камалянға және ЕЭК-тің форумды дайындау жөніндегі Жедел штабының басшысы, ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің директоры Данияр Турусбековке алғыс жарияланғанын хабарлады.

 Сонымен бірге, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Акылбек Жапаровтың атынан ЕЭК Кеңесінің мүшелері - Армения Республикасының вице-премьер-министрі Мгер Григорянға, Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенкоға, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа, Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчукқа, сондай-ақ ЕЭК Алқасының мүшелері Андрей Слепневке, Виктор Назаренкоға, Максат Мамыткановқа, Темирбек Асанбековке, Арман Шаққалиевқа, Варос Симонянға, ЕЭК экс-министрі Руслан Бекетаевқа алғыс жарияланды.