Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов Еуразиялық экономикалық одақ Сотының Халықаралық конференциясының пленарлық сессиясында ЕАЭО-дағы кедендік реттеудің трансформациясы және оны одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыстың перспективалық бағыттары туралы айтты. Бұлардың ішінде ЕАЭО Кеден кодексіне өзгерістер енгізу, электрондық навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді іске асыру, кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі туралы келісімге қол қою бар.
"Осы құралдарды тиімді ендіру және бірыңғай кедендік реттеуді қамтамасыз ету ЕАЭО-да тосқауылдардың туындау жағдайларын қысқартуға ықпал ететін болады. Бірыңғай кедендік реттеусіз ЕАЭО-да тауарлар қозғалысының еркіндігі мүмкін емес", – деп атап өтті Руслан Давыдов.
ЕЭК министрі кеден заңнамасын жетілдіру мәселелеріндегі қарыштап алға басудың маңыздылығына да назар аударды, бұл туралы Одақ елдері көшбасшыларының бірнеше мәрте айтқаны белгілі және 2030-2045 жылдарға дейінгі кезеңге Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияда бекітілген.
"Кедендік реттеу және ЕАЭО-ның ішкі нарығын дамыту" тақырыптық сессиясында Руслан Давыдов ЕЭК кеден блогының ЕАЭО Сотымен өзара іс-қимылы туралы айтты. "Тауарлардың жекелеген түрін сыныптау мәселелері кедендік реттеу мәселелері бойынша ЕАЭО Сотына жүгінудің негізгі нысанасының бірі болып табылады. Бұл ретте Комиссия қабылдаған 200 сыныптау шешімінің ішінен Одақ жұмыс істеген барлық уақыт ішінде ЕАЭО Сотына олардың тек 10%ы ғана шағымданды", – деді ЕЭК министрі.