Сербия Еуразиялық экономикалық комиссияға Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінетін күнбағыс майы мен құрамында майы бар өнімдерді сандық шектеуді алып тастау туралы хабарлама білдірді. Сербия Республикасы Үкіметінің министрі, ЕАЭО-мен қарым-қатынастарды дамытуға жауапты Ненад Попович ЕЭК-тің өтінішіне жауап ретінде шектеулердің күшін жоюға бастамашылық жасады.
"Бұл мәселені Комиссия өткен жылдың сәуір айынан бастап Одақ пен Сербия арасындағы Еркін сауда туралы келісімді жүзеге асыру шеңберінде пысықтап келді. Атап айтқанда, тақырып менің қыркүйек айында Ненад Поповичпен кездесуім барысында қозғалды", — деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
Ол шектеулердің күшінің жойылуы сындарлы өзара іс-қимылды бейнелейді және тараптардың сауда-экономикалық ынтымақтастығының оң дамуын атап көрсетеді деп сөзін толықтырды.