Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссияның және жеке өзінің атынан Ресей Федерациясының Мәскеу облысындағы «Крокус Сити Холл» концерт залында болған террористік акт нәтижесінде қаза тапқан адамдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
"Ондаған адам құрбан болған, бейбіт тұрғындарға қарсы жасалған террористік актіні үзілді-кесілді айыптаймыз. Қайғылы жағдайға байланысты жазықсыз құрбан болған адамдардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Ресей халқына терең көңіл айтамыз. Біз сіздермен бірге жоғалтудың қайғысы мен азабын бөлісеміз. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз", – деді Бақытжан Сағынтаев.