Наурыздың 6-нан 8-не дейін Дубай қаласында (БАӘ) Еуразиялық экономикалық одақ пен Біріккен Араб Әмірліктері арасында еркін сауда туралы келісімді жасасу жөніндегі келіссөздердің бірінші кезеңі өтті.
Кездесу барысында тараптар болашақ келісімнің реттеуші бөлігін талқылады, сондай-ақ бір-бірінің нарықтарына қол жеткізудіе ырықтандырудың негізгі параметрлерін анықтады.
«Біздің елдер басшылығының жеделдетілген рәсім бойынша процесті жүргізу жөніндегі бұрын белгілеген мақсатына сәйкес келіссөз жүргізетін топтар ағымдағы жылдың соңына дейін келісім жобасын субстантивтік талқылауды аяқтауға ұмтылатын болады», – деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары Михаил Черекаев.