Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі «Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке өзгерістерді қабылдады.
Техникалық регламентті бұйымдарға сіңірілген парфюмериялық-косметикалық өнімдерге қатысты қолдану саласы нақтыланды. Бұл норма, мысалы, нәресте жөргектеріне жағылатын ылғалдандырғыш кремге немесе джинсылардың целлюлитке қарсы сіңдірмесіне қатысты.
Техникалық регламенттің ұғымдық аппараты жаңартылды. Зертханалық жануарларды пайдаланбай, есептеу әдісімен ингредиенттердің токсикологиялық сипаттамаларын талдау негізінде парфюмериялық-косметикалық өнімдерге токсикологиялық бағалау жүргізу мүмкіндігі белгіленді.
Ауыз қуысының гигиенасы құралдарының қаптамасына қатысты алғашқы ашылуын бақылау қажеттігі туралы талап белгіленді.
Сондай-ақ, парфюмериялық-косметикалық өнімдердің атауында тіркелген дәрілердің немесе медициналық бұйымдардың сауда атауларын пайдалануға тыйым салынады.
Парфюмериялық-косметикалық өнімнің сәйкестігін мемлекеттік тіркеу мен декларациялаудың техникалық регламентте белгіленген схемалары мен рәсімдері техникалық регламентті қолдану практикасын ескере отырып, сәйкестікті бағалаудың бекітілген типтік схемаларына сәйкес келтірілді.
Өзгерістердің күшіне енуі тұтынушыларға да, өндірушілерге де оң ықпалын тигізеді. Өзгерістерде нақтылау қажет болатын жағдайдағы мәндес талаптар белгіленген. Мысалы, отбасылық косметика бөлігінде: отбасында балалар болуы мүмкін, сол себепті талаптарды балалар өнімдеріне қатысты қолдану керек пе деген тұрғыда көптеген сұрақ туындап, әркелкі оқылым байқалды. Өзгерістерде отбасылық косметиканың қаптамасында сол немесе өзге талаптардың қолданылатындығына байланысты пайдаланушылардың ең төменгі жасын міндетті түрде көрсету қажет екендігі белгіленді.
Өзгерістер жекелеген ережелерін қоспағанда, ресми жарияланғаннан кейін бір жылдан соң күшіне енеді.
Техникалық регламентке өзгерістердің өтпелі ережелерін ЕЭК Алқасы жеке шешімімен айқындайды.