Жаңалықтар

15.07.2022

ЕЭК Кеңесі жекелеген ауыл шаруашылығы тауарлары бойынша 2022-2023 жылдарға арналған сұраныс пен ұсыныстың теңгерімдерін бекітті

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 2022 жылғы 15 шілдеде жекелеген ауыл шаруашылығы тауарлары — бидай мен қос бидай қоспасы, арпа, жүгері, күнбағыс тұқымдары мен күнбағыс майы бойынша 2022-2023 жылдарға арналған сұраныс пен ұсыныстың бірлескен индикативті теңгерімдерін бекітті.
Бірлескен болжамдар Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері қабылдайтын экспортты реттеу шараларын одан әрі жақындастыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі агроөнеркәсіптік нарықтың тиімді жұмыс істеуіне бағытталған.

Тараптар көрсетілген тауар позициялары бойынша бірлескен болжамдарды қалыптастыру, сондай-ақ қалыптастырылатын индикативті теңгерімдерде көзделген параметрлер шеңберінде өзара саудада біржақты шараларға жол бермеу жұмысын жалғастыруға уағдаласты.