Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарына сәйкес әзірленген тәртіп Еуразиялық экономикалық одақ елдері органдарының бірқатар бағыттары бойынша өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ететін рәсімдерді айқындайды.
Олардың ішінде – техникалық регламенттердің талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті мемлекетаралық стандарттарды әзірлеуді жоспарлау, оларды әзірлеу жөніндегі бағдарламаларды дайындау және бекіту; бағдарламаларда көзделген мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) кезінде стандарттау жөніндегі ұлттық органдардың іс-қимылдарын үйлестіру; техникалық регламенттер әлі қабылданбаған, бірақ ЕАЭО-ға қатысты міндетті талаптар белгіленетін өнімнің бірыңғай тізбесіне енгізілген өнімге стандарттарды әзірлеу және қабылдау кезіндегі өзара іс-қимыл (мысалы, жоғары вольтты жабдық, қызметтік және азаматтық қару, өсімдіктерді қорғау құралдары және басқалар).
Ұлттық органдар техникалық регламенттердің талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық стандарттар мен өлшеу әдістемелерін қолданысқа енгізу және қолдану; өнеркәсіп, көлік, энергетика және өзге де салалардағы мүше мемлекеттердің кооперациялық ынтымақтастығын қамтамасыз етуге байланысты стандарттарды әзірлеу; техникалық реттеу саласындағы стандарттауды дамыту жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру мәселелері бойынша да ынтымақтасатын болады.
Тәртіп ережелерін қолдану ЕАЭО-да стандарттауды дамытуға, одақтық техрегламенттерді қолдануды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүйелі жоспарлауға, прогрессивті халықаралық және өңірлік стандарттарды қолдануға ықпал ететін болады.